Текст
2024 жылдың 21 маусымында жазғы тіл мектебінде «Let's play» тақырыбында ағылшын тілі сабағы өтті. Өткен тақырыптарды пысықтау мақсатында лексикалық ойындар жүзеге асырылды.Тілдік лексикалық ойындардың мақсаты оқушыларды контекстен тыс сөздерді меңгеруге, сонымен қатар шет тіліндегі сөздің барлық жүйелік белгілерін меңгеруге дағдыландыру. Сөйлеу лексикалық ойынының мақсаты бар лексикалық құралдарды пайдалана отырып, әртүрлі коммуникативті мәселелерді шешу болып табылады.