2025 жылдың 11 желтоқсан күні мектебімізде ата – аналарға педагогикалық қолдау орталығының кезекті сабағы «Баланы жастан...Бала бойындағы тапқырлық пен эрудицияны қалай дамытуға болады?» тақырыбында өткізілді. Мақсаты: тұлғаның үйлесімді дамуын қамтамасыз ету үшін орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара әрекеттестік пен позитивті ата-ана болу мәдениетін дамыту. Сабақты мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі 8 сынып жетекшісі Идрисова Ұлдана Берикбаевна ұйымдастырды.Сабақтың басында мектеп психологы Жумашова Жанар Оразовна ата – аналар арасында позитивті ахуал орнату мақсатында тренинг өткізіді. Сабақ барысында ата – аналарға балалар бойындағы тапқырлық пен эрудиция жөнінде толық ақпараттар беріліп, арнайы жаттығулар мен ойын түрлері өткізілді. Ата – аналар сабаққа өте белсенді қатысып, сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.
