2026 жылдың 20 сәуір күні 7-11 сынып қыздарына арналған « Ақ бота» қыздар клубының кезекті отырысы өтті. Мақсаты: жасөспірім қыздарды әлеуметтендіруде психологиялық-педагогикалық қолдау үшін жағдай
жасау, ерте жүктіліктің алдын алу-кеңес беру, жасөспірім қыздарда ұлттық бірегейлікті сақтау үшін салт - дәстүрлерді зерттеу арқылы рухани құндылықтарды қалыптастыру; әлеуметтік – құқықтық және психологиялық құзыреттілікті дамыту үшін жағдайлар жасау; жасөспірім қыздардың психологиялық кешендерін жеңуге ықпал ету; денсаулықты нығайтуға ықпал ететін саламатты өмір салтын насихаттауға, медициналық-гигиеналық білім бойынша хабардарлық деңгейін арттыруға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды, аурулардың алдын алуды қалыптастыруға; жасөспірім қыздарға қазіргі заманғы қыздың, отбасы ошағының болашақ сақтаушысы – ананың имиджін қалыптастыру мәселелерінде консультациялық көмек көрсету; психосексуалдық денсаулық саласындағы жасөспірімдер қылмысының профилактикасына жәрдемдесу болып табылады; медициналық мекемелердің, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен, СӨС орталығымен, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның өкілдерімен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты ұйымдастыруға міндетті. Отырысты тәрбие ісінің меңгерушісі Б.С Смагулова және мектебіміздің медбикесі Г.Сексенбай өткізді. Қыздарға жеке гигиена, тазалық, өзара қарым -қатынас туралы, тыйым сөздер, қоғамдық орындарда қыз балалары өздерін қалай ұстау керектігі туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар арнайы бейнеролик көрсетілді.
