Бүгін №7 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Егемендік- елдің бағы жетпес игілігі" атты дебаттық турнир өтті. Мақсаты: белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу;тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру;өз көзқарасын айтуға машықтандыру;оқушының қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру; еліміздегі жастар мәселесіне назар аударту;
Турнир төрешілері: -Уразалинова Томирис 9 сынып, Дәукен Дәуір 8 сынып, Жунусов Жалғас 8 сынып оқушылары. Жаттаушылар тобының құрамында: 8 сынып оқушылары-Жалелов Қайыр, Нұрдыбекқызы Айзада, Солдатханқызы Айару. Даттаушы тобының құрамында: 8 б сынып оқушылары-Достаев Дияр,Жанқожа Бекзат,Қанатов Алинұр. Пікірталас құрмет, жарқын дәлелдер және жоғары бәсекелестік жағдайында өтті. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, идеяларды ұсынуда өжеттілік және пікірталас жүргізу мәдениетін көрсетті.
