2023-2024 оқу жылында «Абай олимпиадасының» аудандық кезеңі өтті.
Олимпиаданы ҚРО қу-ағарту министірлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. Олимпиаданың негізгі мақсаты: Абай шығармаларын оқу арқылы көркем сөздің танымдық, тағылымдық мәнін түсініп, білім, білік дағдысын қалыптастыру.
Абай олимпиадасы үш айналымнан тұрды:
1-айналым: Абай қарасөздері мен поэзиясы негізінде дайындалған тақырыптардың біріне эссе жазу;
2-айналым: Абай өлеңдері бойынша тапсырмалар орындау;
3-айналым: М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан Абай шығармаларынан алынған сөйлемдерге кешенді талдау жасау арқылы грамматикалық сауаттылығы анықтау болды.
Біздің мектебімізден 9-сынып оқушысы Траркан Гүлнар, 10-сынып оқушысы Куракпаева Камила, 11-сынып оқушысы Қуанышбекова Арайлымдар қатысты. Нәтижесінде, 10-сынып оқушысы Куракпаева Камила ауданнан II жүлделі орынды иеленіп, облыстық кезеңге дайындалуда.