Текст
2026 жылдың 20 сәуір күні мектебімізде төтенше жағдайларға қатысты арнайы жаттығулар өтті. оқушылардың қауіпсіздігі, төтенше жағдайлар, зілзала апаттары жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану жолдарымен, алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстыру, кауіпсіз жерлерге эвакуацияландыру туралы толық ақпарат беру, ұғындыру.
Арнайы жаттығуларды өткізу үшін дабыл қағылып, оқушылар мектеп ғимаратынан қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Барлық оқушылар уақытылы мектеп ғимаратынан шығып үлгерді. Оқушыларға, ұстаздарға, мектептің кіші қызметкерлеріне төтенше жағдай кезінде өздерін қалай ұстау керектігі, өрт сөндіруші құралды пайдалану жолдары туралы толық мәлімет берілді.
