Текст
Қараша айының 8 күні адам папилломасы вирусының (АПВ) алдын алу мақсатында ата-аналарға, мектеп әкімшілігіне және аудандық аурухана дәрігерлеріне арналған түсіндіру жұмыстары Zoom платформасы арқылы жүргізілді. Бұл шара барысында дәрігерлер АПВ-ның қауіптері, оның алдын алу әдістері және вакцинацияның маңыздылығы туралы толық ақпарат берді. Түсіндіру сессиясы барысында ата-аналардан келіп түскен сұрақтарға дәрігерлер мұқият жауап беріп, барлық күмәндерді сейілтті. Виртуалды кездесу ата-аналардың АПВ туралы білімін арттыруға, вакцинацияның қажеттілігін түсінуге және осы бағытта дұрыс шешім қабылдауға ықпал етті деген ойдамыз.