"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата – аналарға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету

2026 жылдың 19 мамыр күні мектебімізде «Ата – аналарға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету» бағдарламасы аясында « Балаға үлгі болар әке бейнесі» атты әкелер отырысы өтті. Мақсаты: жағымды отбасының бейнесін дәріптеу, балаларды тәрбиелеудегі әкелердің рөлін күшейту, ізгілікті-рухани құндылықтар негізінде қоғамда белсенді азаматтарды қалыптастыру, отбасы, мектеп, жергілікті мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты жандандыру,бала бойында тәртіп, жауапкершілік, еңбекқорлық, шығармашылық қабілеттерді, салауатты өмір салтын қалыптастыруда әкелермен тәжірибе алмасу, ой бөлісу. Кездесуге мектебіміздің әкелері және "Простор" газетінің бас редакторы, Атбасар ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшесі – Ө.З.Шайхин   мен "AMANAT" партиясы Атбасар аумақтық филиалының атқарушы хатшысы Н.Ә.Жакишева қатысты. Кездесудің шымылдығын мектебіміздің ең дарынды  әнші оқушылары «Беу- айдай»  әнімен ашты. Кездесу барысында әкелерге арналған танысу -тренингі, « Менің балам...» атты сипаттау тренингі, оқушылар дайындаған бейнеролик, « Жасанды интелект» негіздері, « Қол күресі» сайысы, «Саналы ата - ана» құқықтық викторина ұйымдастырылды. Кездесу соңында қонақтар мен оқушылар естелік суретке түсіп, тарқасты.

Қосымшалар:


Текст