2025 жылдын 25 қыркүйек күні сағат 18:30 -да жалпымектептік ата – аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде:
1. Оқыту және тәрбие мәселелері:
Бірыңғай мектеп және спорттық форма талаптарын сақтау.
Смагулова Б.С.
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тәртібі.
Смагулова Б.С . Шакеева М.Е. Жәнімхан Н.
Оқушылардың мінез-құлық мәдениетін қалыптастырудағы ата-ананың рөлі. Жұмашова Ж.О
2. Оқушылардың қауіпсіздігі:
Жол қозғалысы ережелері және балаларды алып жүру.
Смагулова Б.С .
Интернеттегі қауіпсіздік (киберқатерлер, әлеуметтік желілер).
Атбасар ауданының полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция капитаны -Мархаббат Ғалымжан Сәкенұлы.Әлеуметтік педагог - Муканова Г.К . Мектеп психологы -Жұмашова Ж.О
Құқық бұзушылықтың, буллингтің және төтенше жағдайлардың алдын алу.
Атбасар ауданының ІІБ полиция аға лейтенанті-Сериков А. Муканова Г.К. Жұмашова Ж.О
Медициналық қамтамасыз ету және гигиена.
Мектеп медбикесі- Сейсембай Г.
3. Мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігі:
Ата-аналардың мектеп іс-шараларына қатысуы.
Алкенова Н.А .Смагулова Б.С
Ата-аналар комитетінің жұмысы.
Смагулова Б.С.
Ата-аналардың сұрақтары мен ұсыныстары.
4. Жиналыс қорытындылары.
Шешімдер мен ұсынымдарды қабылдау
Жиналысқа мектебіміздің 1-11 сынып оқушыларының ата- аналары қатысты. Жиналыстын мақсаты: ата - аналардың ой пікірлерін тыңдап, маңызды мәселелерді бірлесе талқылап, шешім қабылдау алаңы. Бірыңғай мектеп және спорттық форма талаптарын сақтау, жол қозғалысы ережелері және балаларды алып жүру, медициналық қамтамасыз ету және гигиена.
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтың, буллингтің және төтенше жағдайлардың алдын алу, мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігі,
ата-аналардың мектеп іс-шараларына қатысуы, ата-аналар комитетінің жұмысы туралы айтылып, талқыланды. Жиналыс соңында шешімдер мен ұсынымдарды қабылдау жасалды.