Текст
“Цифрлық мұғалім” жобасы аясындағы сабақ
1 қыркүйектен бастап іске қосылған “Цифрлық мұғалім” жобасы шеңберінде 9 “Ә” сынып оқушысы Копеев Арманмен физика пәнінен сабақтар өтіп жатыр. Сабақ барысында оқушының білімдегі олқылықтарын толтыру мақсатында цифрлық білім беру құралдары, интерактивті материалдар және бейнесабақтар қолданылады. Оқушы белсенді қатысып, тапсырмаларды сәтті орындауда. Білім сапасын арттыруға бағытталған осындай сабақтар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып келеді.