05.12.2025
5 желтоқсан – Халықаралық волонтер күні.
Осыған орай бүгін мектебіміздің еріктілері қарт ұстаз Марияш Қайыржановнаның үйіне барып, келе жатқан туған күнімен құттықтап, көмек қолын созып қайтты. Ұстаз апайымыз жастарға жүрекжарды алғысын білдіріп, тәтті шайын ұсынып, ақ батасын берді.
✅ 5 желтоқсан – Волонтер күнінің мақсаты
қоғамға ерікті түрде қызмет етіп жүрген волонтерлердің еңбегін мойындау және олардың әлеуметтік бастамаларын қолдау;
волонтерлердің қоғамдағы атқарып отырған қызметін тану және алғыс білдіру;
еріктілік мәдениетін дамыту, жастарды азаматтық белсенділікке ынталандыру;
әлеуметтік, экологиялық, мәдени және гуманитарлық бағыттардағы волонтерлік жобаларды қолдау;
қоғамда өзара көмек, жанашырлық, мейірімділік және жауапкершілік құндылықтарын нығайту;
әлемдік деңгейде волонтерлердің рөлін насихаттау.