Текст
08.12.2025
2025 жылдың 8 желтоқсан күні мектебімізде «Заң және тәртіп» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты: біздің қоғамның тұрақтылығын, қауіпсіздігі мен өркендеуін анықтайтын өмірлік белгілер туралы ақпараттандыру, оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру;ой-өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту;оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру. Сынып жетекшілер арнайы бейнероликтер арқылы оқушыларға балалар құқығы және ақпараттық ортадағы қауіпсіздік туралы ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Сонымен қатар мектеп дәлізінде арнайы ақпараттық стенд орнатылды.