Текст
2024 жылдың 29 қаңтар күні кәсіби бағдар беру мақсатында мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларымен ауданымыздың Төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері келіп кездесу өткізді.
Олар оқушыларға аталмыш мекеме туралы және осы салада қызмет ету үшін арнайы оқу орыны туралы толық ақпарат беріп, оқуға түсу шарттарымен толыққанды таныстырды. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптарын түсіндіріп берді.