Текст
2024 жылдың 2-ші ақпан күні сағат 14:00-де « Ата аналарға қолдау бағдарламасы» аясында 6 сынып ата –аналарымен «Позитивті ата - ана» тақырыбында сабақ өтті. Сабақ мақсаты: позитивті (жағымды, қолайлы) ата-ана болудың мәнін, принциптері мен дағдыларын игеру арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту.
Тапсырмалар: Ата-аналарды позитивті ата-ана болу құзыреттерін игеруге ынталандыру. Ата-аналарды позитивті ата-ананың мәнімен, принциптерімен, әдістерімен таныстыру. Ата-аналарға позитивті ата-ана болу дағдыларын үйренуге көмектесу.
Ата –аналарды аталмыш бағдарлама бойынша ақпараттандырып, арнайы тапсырмаларлар берілді.Кездесу барысында әр ата – ана позитивтік мінез –құлық танытып, өз пікірлерін ортаға салып, талқылады.