Текст
2024 жылдың 8 қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен «Педагогтердің үздіксіз кәсіптік білімі: түйінді проблемалар және оларды шешу жолдары» атты республикалық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға тыңдаушы ретінде мектеп директоры Нурсулу Амандыковна қатысты.
Конференцияның мақсаты – педагогтердің үздіксіз білім беру жүйесінің қазіргі мәселелерін талқылау және оларды шешу жолдарын қарастыру болды.
Конференцияға еліміздің түрлі аймақтарынан білім беру саласының мамандары, ғылыми қызметкерлер мен педагогтер қатысты. Онлайн форматта өткен жиында білім беру үдерісіндегі үздіксіз кәсіптік білімнің маңызы және қазіргі таңдағы негізгі мәселелер талқыланды.