Текст
2025 жылды 3 наурыз күні мектебімізде «Ана –өмір шуағы» атты сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға, қыздарға деген сүйіспеншілікке, ананы, қыздарды құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу. Міндеттері:Балаларды өмірдің жылылығына баулу, тәрбиелеу. Ана деген қасиетті ұғымды жоғары деңгейде ұстай білу, бағалау. Ана өмірдің шуағы екенін сезіндіру. Нәзік жандарды аялауға, құрметтеуге тәрбиелеу.