2025 жылдың 4 наурыз күні Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында, мектебімізде «Қыз- ұлт болашағы» атты қыздар байқауы өтті. Мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т. б. жан - жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт - дәстүрін дәріптеуге үйрету, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Байқауға 11 ару қатысып, «Ақылды Ару» номинациясына 9 А сынып оқушысы: Токужинова Алина, «Инабатты Ару» номинациясына 9 Б сынып оқушысы: Еркинова Аяжан, « Өнерлі Ару» номинациясына 7 Б сынып оқушысы: Кайдарова Риза, «Көрікті Ару» номинациясына 10 Ә сынып оқушысы: Султангалиева Аружан, «Сүйкімді Ару» номинациясына 7 Ә сынып оқушысы: Бахыт Айша, «Сымбатты Ару» номинациясына 10 А сынып оқушысы: Тыржанова Алтынай, «Шебер Ару» номинациясына 7 А сынып оқушысы: Солдатхан Айару иеленді. Жүлделі ІІІ –орынды 7Ә сынып оқушысы: Өзгеріс Аружан, ІІ – орынды 10 А сынып оқушысы: Шабанбай Томирис, І-орынды 9 Ә сынып оқушысы:Баядилова Адема және «Бас жүлде» 7 А сынып оқушысы: Қалымсейтова Маржан иеленді. Барлық қатысушылар арнайы грамотамен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.