2025 жылды 6 наурыз күні мектебімізде « Әже – көңілдің ажары, немере –өмірдің базары» атты әжелер байқауы өтті. Мақсаты: Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға, қыздарға деген сүйіспеншілікке, ананы, қыздарды құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу. Міндеттері: Оқушыларды әжесін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін сіңіру. Өмірдің жылылығына баулу, тәрбиелеу. Нәзік жандарды аялауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Бұл байқау Халықаралық 8 Наурыз әйелдер күнінің қарсаңында ұйымдастырылды. Байқау 5 кезеңнен тұрды. Ақ жаулықты әжелер немерелеріне тоқыма тоқу, түйме қадау, шаш өру, ою оюды үйретіп, ертегілерін айтып, ақ баталарын беріп, шашу шашты. Байқаудың соңында әжелер мен немерелері арнайы сыйлықтармен марапатталды.