Текст
2025 жылдың 18 –ші сәуір күні мектебімізде « Суды үнемде-болашақты сақта!» атты сынып сағаттары өтті.
Мақсаты: судың негізгі қасиеттері және оның табиғаттағы, адам өміріндегі және іс-әрекетіндегі рөлі туралы қолда бар және жаңа білімдерді жаңарту және алу арқылы оқушылардың судың маңызы және оны үнемдеу қажеттілігі туралы түсініктерін дамыту. Сынып жетекшілер оқушыларға суды үнемді пайдалану жолдары туралы толық ақпараттандырып, күнделікті өмірде судың қадірін білуге баулыды. Сонымен қатар арнайы бейнероликтерді назарларына ұсынып, бейнероликтен алған ақпаратты өзара талқылады.