Текст
2025 жылдың 23 сәуір күні мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларымен аудандық ішкі істер қызметкері, полиция подполковнигі Р.Толкумбековпен кездесу өтті. Мақсаты: жасөспірімдер арасында есірткіні пайдалану, буллинг, әкімшілік, қылмыстық құқықбұзушылық туралы ақпараттандыру, ескерту. Кездесу барысында аталмыш тақырыптар төңірегінде толық ақпарат берілді. Сонымен қатар аудан көлеміндегі құқықбұзушылық туралы статистиканы келтіріп, заң бұзушылықтан аулақ болуға шақырды.