2025 жылдың 23 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде « Мектебім саған мың алғыс!» атты салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиынымыз сап түзеп, Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Жиынның құрметті қонақтары-Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Махметов Бегахмет Сабыржанович және Атбасар ауданы білім бөлімінің әдіскері Абикенова Аселя Мухтаровна қатысты. Мектебіміздің директоры- Н.Алкенова оқушыларды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтады және оқу ісінің меңгерушісі- М.Е.Шакеева 2024-2025 оқу жылының бұйрықтарымен таныстырып, оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Ата – аналар тарапынан мектебіміздің ата – аналары - Бекетаева Бақыт апай, Башпанова Елеусіз апай, Байсбай Оразғали Айтқұлұлы, Алиева Маркен апай түлектерге ақ жол тіледі. Түлектеріміздің алғашқы ұстаздары: Нурилаш Жанымханқызы, Ерденова Гульбану Тиыштықбаевна, сонымен қатар сынып жетекшілері- Ерлан Асқарұлы мен Булегенов Ербол Серикпаевич және пән мұғалімдері түлектерді құттықтады. Сонымен қатар түлектердің ізбасарлары 10 сынып оқушылары да құттықтауларын айтып, дәстүрлі түрде « Білім кілтін» табыс етті. Салтанатты жиын соңында түлектеріміз соңғы мектеп вальсын және «Соңғы қоңырау» әнін орындап, соңғы қоңырауларын соқты. Сонымен қатар осы күні 1-9 сынып оқушылары үшін де 2024-2025 оқу жылының аяқталуына арналған «Мектебім саған мың алғыс!» салтанатты жиын мектебімізде өтті.