13 маусым мектебіміздің 9-шы сынып оқушыларына аттестаттар табыстау рәсімі өтті. Бұл жиынның қадірменді қонағы ретінде Атбасар ауданы білім бөлімінің бас маманы Қ.Нурмагамбетова келіп, оқушыларды құттықтады. Мектеп директоры Н.Алкенова оқушыларды, ұстаздарды, ата –аналарды құттықтап, аттестаттарды табыстады. Түлектердің алғашқы ұстаздары: Г.Таженова, Н.Сатыбаева, А.Джиенгарина оқушыларды құттықтап, тәтті сыйлықтарын табыс етті. Түлектердің сынып жетекшілері: А.Тохмаганбетова, Н. Нағашыбаев және Н. Тулегенова өздерінің жүрек жарды ақ тілектерін ата – аналарға, оқушыларға тілеп, ән арнады. Оқушылар атынан А.Лавренко, Ж.Кәрімтай және О.Шугаипов өздерінің ұстаздарға деген жылы лебіздерімен алғыстарын білдірдіріп, ән мен билерін шашуларын тарту етті. Ата – аналар тарапынан Сыздыков Абдыхамит Салимжанұлы, Калмаганбетов Мейрам Садибекович, Алтыбаева Зауреш Хасимовна, Жунуспекова Загипа Саттаровна балаларды негізгі мектепті аяқтауларымен құттықтады. Оқушылар мектепке, ұстаздарға, достарына, ата – аналарға арналған ән шашуларын паш етті. Мереке соңында дәстүрге сай естелік суретке түсті