Текст
17 маусым 2025 жылы "Жас Ұлан" аула клубының белсенділері арасында "Отбасы-алтын бесік" апталығына байланысты, " Менің сүйікті отбасым" деген фото байқау өтті. Мақсаты:
1. Отбасылық құндылықтарды насихаттау – балалардың отбасына деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру, отбасылық бірлікті көрсету.
2. Шығармашылық қабілеттерін дамыту – оқушылардың суретке түсіру, кадр таңдаудағы талғамын жетілдіру.
3. Отбасымен бірге өткізген сәттерді дәріптеу – жылы естеліктерді бөлісу, бір-біріне деген мейірімділікті көрсету.
4. Қатысушылар арасында достық қарым-қатынас орнату – бір-бірінің отбасымен танысып, достық, сыйластық орнату.
5. Эстетикалық тәрбиелеу – әдемі, мағыналы суреттер арқылы көркемдік талғамын арттыру.