Текст
18 маусым 2025 жылы "Жас Ұлан" аула клубының белсенділері «Егер мен...» логикалық ойынын ойнады. Ойынның мақсаты:
1. Оқушылардың сыни және логикалық ойлау қабілетін дамыту – бір жағдайды елестетіп, оның салдарын болжай білу.
2. Қиялын жетілдіру – бала өз ойын еркін жеткізіп, әртүрлі рөлдерге ене отырып, шынайы өмірмен байланыстырып ойлау.
3. Сөйлеу мәдениетін дамыту – өз пікірін толық әрі нақты жеткізуге, тыңдаушыны сендіруге үйрету.
4. Шешім қабылдауға дағдыландыру – түрлі өмірлік жағдаяттарда дұрыс таңдау жасауға үйрету.
5. Әлеуметтік және эмоционалдық даму – өзгенің ойына құрметпен қарау, пікірталас жүргізу мәдениетін қалыптастыру.