19 маусым 2025 жылы " Жас Ұлан" аула клубының белсенділері жұмысшы мамандықтар жылына байланысты аудандық ауруханаға дәрігер мамандықтарымен танысуға барды. Жұмысшы мамандықтарының жылының" мақсаты – жұмысшы кәсіптерінің қоғамдағы маңызын арттыру, жастарды кәсіптік-техникалық білім алуға ынталандыру және білікті кадрлар даярлау арқылы елдің экономикалық дамуына үлес қосу.
Нақты мақсаттары:
1. Жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру – қоғамда жұмысшы мамандықтарына деген оң көзқарас қалыптастыру.
2. Кәсіптік білімге қызығушылықты арттыру – жастар арасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына сұранысты көбейту.
3. Бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау – еңбек нарығында сұранысқа ие, заманауи талаптарға сай мамандар тәрбиелеу.
4. Өндірістік тәжірибені жетілдіру , заманауи жабдықтармен жұмыс істеу мүмкіндігін кеңейту.
5. Еңбекке құрмет сезімін қалыптастыру – адал еңбек, шеберлік пен кәсібилік құндылықтарын насихаттау.
Дәрігерлер жақсы қарсы алып,оқушыларға дәрігер мамандықтары туралы біраз мәлімет берді