20 маусым күні мектеп түлектеріне аттестат табыстауға арналған салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиынның қадірменді қонақтары - Атбасар ауданы білім бөлімінің әдіскері Жайлубаева Данеля Кайратовна, ұстаздар, ата-аналар мектеп түлектерін тұрып қарсы алды.Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының гимні орындалып, мектеп директоры Н.Алкенова түлектерді құттықтады. Түлектердің аттестаттарын Атбасар ауданы білім бөлімінің әдіскері Жайлубаева Данеля Кайратовна, және мектеп директоры Н. Алкенова табыстады. Сынып жетекшілері Е.Асқар мен Е.Булегенов түлектерге тілектерін арнап, ата – аналарды Алғыс хаттармен марапаттады. Түлектеріміздің ата-аналары тарапынан Жанзакова Гүлзагира Смагуловна және Бакей Қаз сөз беріліп, ақ жаулықты әжелері ақ баталарын беріп, шашуларын шашты. Барша ата-аналардың, ұстаздардың құрметіне мектебіміздің түлектері өз әндерін, керемет вальстерін тарту етті.