Текст
2025-2026 оқу жылының 19 қыркүйек күні сағат 11:00-де мектебіміз бойынша жалпыреспубликалық « Біздің мектеп булингке қарсы!» атты флешмоб мектебіміздің салауатты өмір салты фракциясының ұйымдастыруымен өткізілді. Мақсаты: оқушылар арасындағы әлімжеттік, қорқыту көрсетудің алдын алу. Бұл іс – шараға мектебіміздің 1-11 сынып оқушылары, мұғалімдері мектеп алаңына шығып, арнайы нұсқаулыққа сай, жаттығулар жасап, би биледі.