Бүгін ,06. 04. 2017 жылы №7 қазақ орта мектебінде аудандық 2-4, 5-8 және 9-11 сынып оқушылары араларында өзге ұлт өкілдерінің шығармашылық конкурсы өтті. Бұл шығармашылық конкурстың негізгі мақсаты өзге ұлт өкілдері арасында ана тіліміздің мәртебесін көтеру,өзге ұлт балаларының шығармашылық деңгейін дамытып, рухани және патриоттық
тәрбие беру.«Көркем – театрлық қойылым» төрт кезеңнен тұрды.
1. «Үздік қойылым»
2. «Мың бір мақал...»
3. Мәтінді мәнерлеп оқып, синхрондық аударма жасау.
4. Берілген тапсырма бойынша диалог құрастыру.
Салтанатты ашылу №7 қазақ орта мектебінің оқушыларынан құрылған оркестрдің «Ерке сылқым» күйін орындауымен басталды. Одан кейін АББ басшысы Наймушина Н.Г.,«Атбасар» газетінің тілшісі Шайхин Ө.З. және
АББ әдіскері Смагулова Р.Н. сөз алып, конкурсқа қатысушыларды құттықтады.Конкурсқа
ауданымыздың №1,2,3,4,5 және ауыл мектептерінен Сергеевка, Борисовка орта мектептері қатысты.Елімізде соңғы уақытта қазақша сөйлейтін өзге ұлт өкілдері айтарлықтай көбейгенін бүгінгі конкурстан байқадық.Ол біздің мемлекетіміз үшін қауанарлық жайт. Қатысушылар үлкен дайындықпен келгені байқалады. Әділқазылар алқасы әділ бағасын бере жатар.