"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сынып жетекшілер бірлестігінің отырысы

05.01.2026

2026 жылдың 5 қаңтар күні мектебімізде сынып жетекшілер бірлестігінің кезекті отырысы өтті. Мақсаты:  сынып жетекшілерінің іс-әрекет бағыттарын зерделеу,  көмек көрсету мақсатында сынып жетекшілерінің жұмысын талдау, тәжірибе алмасу.
Отырыс барысында «Ашық микрофон» әдісі арқылы сынып жетекшілер тарапынан 1сынып жетекшілері: Амрина Г.А.,Ақтайлақ Ж., Джиенгарина А.М. биылғы жылдың 1-ші сынып бүлдіршіндерінің ерекшеліктеріне тоқталып, мектепке бейімделулері жөнінде мәлім етті. 5-ші сынып жетекшісі Алданыш Саулегүл өз сыныбындағы оқушылардың ортаңғы буынға бейімделуіне аса назар аудару мәселесімен бөлісті, 9 сынып жетекшісі А.А.Акшулакова оқушыларының сабаққа деген ынталарының, балалардың есейгендігін байқағаны туралы баяндады. Сонымен қатар үшінші тоқсандағы тәрбие жұмысының жоспары талқыланды, 12 қаңтар мен 22 қаңтар күндері аралығында «Сынып жетекшілер апталығы» өтілетіні туралы мәлім етілді.Апталық барысында ашық тәрбие сағаттары мен сабақтан тыс іс -шаралар өтілетіні туралы ескертілді.

Просмотров: 654


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст