08.01.2026
№5 жалпы білім беретін мектепте аудандық мектеп тәлімгерлеріне арналған «Тәлімгер шеберлік мектебі» атты отырыс-семинар өтті. Шараға аудан мектептерінің тәжірибелі тәлімгерлері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – аудан мектептеріндегі тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, жас мамандарды мектеп ортасына бейімдеудің тиімді жолдарын қарастыру, сондай-ақ тәлімгерлер арасында өзара іс-тәжірибе алмасу болды.
Жұмыс жоспарын талқылау
Кездесу барысында ағымдағы оқу жылының IIжарты жылдығына арналған тәлімгерлердің жұмыс жоспары жан-жақты талқыланды. Талқылау барысында келесі басым бағыттарға ерекше назар аударылды:
жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетудің кезеңдері;
тәлімгер мен жас маман арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
кәсіби дамуды қолдаудың тиімді тәсілдері.
Тәжірибе алмасу және шеберлік сағаттары
«Тәлімгер шеберлік мектебі» аясында тәлімгерлер өздерінің тәжірибелік әдістерімен, тиімді жұмыс формаларымен бөлісті. Шеберлік сағаттары барысында оқушылармен жұмыс істеуде қолданылатын заманауи тренингтер көрсетіліп,
іс-шара тәлімгерлер үшін пайдалы тәжірибе алаңына айналып, алдағы уақытта жас мамандармен жұмысты жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстармен қорытындыланды.