Текст
13.01.2026
2026 жылдың 13 қаңтар күні Республикалық көлемде ұйымдастырылған «Эко-сағат» атты онлайн конфференциясына мектебіміздің оқушылары қатысты. Мақсаты: табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру. Қоршаған ортаның сапасы және судың ластануы туралы және оны үнемдеу жолдарымен таныстыру, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне байланыстылығы, оның ішінде бііз және табиғат байланыстылығын білуге үйрету; табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу. Эко -сағат барысында оқушыларға таза су тапшылығы, суды үнемдеу туралы толық ақпарат берілді.