26.01.2026
2026 жылдың 26 қаңтар күні мектебімізде «Заң және тәртіп» айлығының аясында 1-11 сыныптар арасында « Адалдық, парасаттылық – адамгершіліктің белгісі» атты сынып сағаттары өтті. Мақсаты: оқушыларға адалдық, шыншылдық, әділдік ұғымдарының мәнін түсіндіру, адал болудың адам өміріндегі және қоғамдағы маңызын ұғындыру, оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, жауапкершілікке, өз іс-әрекетіне сыни көзқараспен қарауға тәрбиелеу, адалдықты күнделікті өмірде іс жүзінде қолдануға баулу. Сынып сағаты барысында сынып жетекшілер оқушыларға адалдық туралы толық ақпарат бере отыра адамгершілік құндылықтарын насихаттап, өмірлік ұстаным ретінде пайдалануды ұсынды. Оқушылар адалдық пен шыншылдықтың айырмашылығы мен ұқсастығы жөнінде өз пікірлерін ортаға салып, талқылады.