Текст
30.01.2026
2026 жылдың 30 қаңтар күні « Отбасылық құндылықтардың маңызы және жас ұрпаққа тәрбие берудегі дәстүрлер» тақырыбында « Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі » КММ аудандық семинар өтті. Мақсаты: отбасылық құндылықтардың қоғамдағы және бала тәрбиесіндегі маңызын ашу, ұлттық салт -дәстүрлер арқылы жас ұрпақтың бойына адамгершілік, сыйластық қасиеттерді қалыптастыру, ата- ана мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту. Семинар барысында «Отбасы -бақыт мекені», «Үлкенге құрмет, кішіге ізет», « Отбасы құндылығы», « Бала тәрбиесі – баршаға ортақ», «Өнер -өмір өзегі» атты тәрбие сағаттары, шебер -сынып және тренингтер өткізілді. Семинарға аудан мектептерінің тәрбие ісінің меңгерушілері қатысты.