19.02.2026
Мектеп парламентінің жоспары бойынша жоғары сынып оқушылары арасында спорттық шаңғы жарысы өтті. Жарыс «Шыныққан шымыр болады» ұранымен ұйымдастырылып, оқушылардың денсаулығын нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.
Шаңғы тебудің мақсаты:
Денсаулықты нығайту – ағзаны шынықтырып, иммунитетті күшейту.
Дене шынықтыруды дамыту – аяқ, қол, арқа бұлшықеттерін жетілдіру.
Төзімділікке тәрбиелеу – суыққа шыдап, шыдамдылық пен сабырлылықты қалыптастыру.
Қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру – белсенді өмір салтын қалыптастыру.
Ерік-жігерді дамыту – жеңіске ұмтылу мен мақсатқа жетуге баулу.
Достық пен ұйымшылдықты нығайту – бір-біріне қолдау көрсетуге тәрбиелеу.
Бұл жарыс оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, денсаулықтың маңызын түсінуге мүмкіндік берді. Шаңғы тебу – денені шынықтырып қана қоймай, төзімділік пен мықты мінез қалыптастыратын пайдалы спорт түрі.