02.03.2026
Атбасар ауданының жалпы білім беретін мектептерінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «2026 жылдың үздік орыс тілі және әдебиеті мұғалімі» аудандық байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша №7 жалпы орта білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байдашева Гульмира Муратовна жүлделі ІІ орынды иеленді! Бұл жетістік – Гульмира Муратовнаның көп жылғы қажырлы еңбегінің, табандылығы мен үздіксіз кәсіби ізденісінің нәтижесі. Ұстаздық жолындағы ұзақ әрі жауапты еңбек, шәкірттеріне деген сүйіспеншілік пен адалдық бүгінгі жеңіске алып келді.
Байқау педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, оқытудағы инновациялық тәсілдерді енгізуге және пәнді оқытудың сапасын жетілдіруге бағытталған маңызды алаң болды. Гульмира Муратовна өз тәжірибесін жоғары деңгейде таныстырып, кәсіби біліктілігін дәлелдей білді. Құрметті Гульмира Муратовна, жеңісіңіз құтты болсын!
Жаңа белестер мен шығармашылық табыс тілейміз!