13.03.2026
13 наурыз күні №4 жалпы орта білім беретін мектепте 8–11 сынып оқушылары арасында Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына арналған аудандық оқулар байқауы өтті. Байқауға аудан мектептерінен оқушылар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Байқаудың мақсаты – Махамбет Өтемісұлының бай поэзиялық мұрасын насихаттау, оқушылардың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, халқымыздың тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ дарынды әрі шығармашыл оқушыларды анықтап, қолдау көрсету. Байқау барысында қатысушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, көркемдік шеберліктерін көрсетіп, сонымен қатар ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған өз шығармаларын ұсынды. Байқаудың қорытындысы бойынша: «Тартынбай сөйлер асылмын» бағыты бойынша: I орын - Уатхан Нұр – Әли, №7 ЖОББМ 10 сынып оқушысы (жет. Хурмет Н.).