17.03.2026
2026 жылдың 17 наурыз күні мектебімізде арнайы жоспар бойынша «Қош келдің -Әз Наурыз» атты сабақтан тыс іс -шаралары өтті. Мақсаты: ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамнын байланысын, салт-дәстүрін, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақтың әдет-ғұрпын, тіліміз бен дінімізді құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу. Атап айтсақ, 2АӘБ және 3АӘБ сыныптарында « Наурыз – жыл басы» атты ұлттық ойындар сайысы, 4АӘ сыныптарында "Қош келдің, Әз- Наурыз" атты мерекелік концерт және ұлттық ойындар сайысы ұштаса өткізілді. Бұл іс -шараға 4 сыныптың ата -аналар командалары: «Мерген», « Бәйге», «Қой жинау», ал оқушылар « Қол күрес», «Арқан тарту» сайыстарына белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды.Сынып жетекшілер ұлттық нақыштағы грамоталар әзірлеген, өте ерекше болып шықты.Сонымен қатар 5 АӘБ сыныптарында да ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Дене тәрбиесінің мұғалімдерінің көмегімен « Асық ату», «Қой көтеру», т.б. сайыс түрлері ұйымдастырылды. 6АӘ сынып оқушылары « Наурыз -думан» атты ұлттық тағамдар жәрмеңкесін ұйымдастырды.Ол жерде барлық ұлттық тағамдар ұсынылып, ұлттық аспаптарды күйлер орындалды. 11 сынып оқушылары «Наурыз-қош келдің» атты доңгелек үстел форматында өткізіп, атаулы мереке туралы тарихи ақпараттармен бөлісті.