14.04.2026
2026 жылдың 14 сәуір күні мектебіміздің 9 сынып оқушылары « Атбасар ауданы, Атбасар қаласы аграрлық -индустриялық колледж» МКҚК оқытушыларымен кездесті. Мақсаты: болашақ мамандықты таңдауға кеңес беру, мамандықтарды насихаттау, мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру. Міндеттері: оқушыларға ақыл-кеңес беріп, кәсіби таңдауларына сәйкес жеке психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, денсаулықтарына байланысты, аймақтағы мамандарға сұрастың қажеттілігін негізге алып мамандық таңдау жұмыстарын ұйымдастыру; кәсіби білім беру аясында әлеументтік серіктестікті дамыту; кәсіби білім беруде мекемелерімен бірлесіп бағыт беру алдындағы, кәсіби бағыт беру жұмыстарын ұйымдастыру. Колледж оқытушылары әр мамандық туралы толық ақпарат берді.