15.04.2026
Бүгін 15 сәуір 2026 жылы №7 жалпы білім беретін мектепте « Мамандықты жүрекпен таңдау керек пе, әлде ақшамен бе? » тақырыбында дебаттық турнир өтті.
Мақсаты: белгілі фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу; қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу;тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру;өз көзқарасын айтуға машықтандыру; оқушының қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру; еліміздегі жастар мәселесіне назар аударту;
Турнир төрешілері: Өзгерісқызы Аружан және Бахыт Айша. Жаттаушылар тобының құрамында: Дәукен Дәуір, Жунусов Жалғас, Бердібек Сабит. Даттаушы тобының құрамында: Серікжан Нұрсұлу, Нұралы Әдемі, Зейнелкабиденова Жұлдыз.
Пікірталас құрмет, жарқын дәлелдер және жоғары бәсекелестік жағдайында өтті. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, идеяларды ұсынуда өжеттілік және пікірталас жүргізу мәдениетін көрсетті.