Текст
17.04.2026
2026 жылдың 17 сәуір күні Покровка ауылындағы орта мектебінде ата – аналарға арналған аудандық интенсив өтті. Мақсаты: ата – аналарға педагогикалық-психологиялық көмек көрсету, саналы ата-ана болу дағдыларын дамыту және мектеп пен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайту.
Бұл іс -шараға мектебіміздің ата - аналар комитетінің мүшесі Даненова Айзада Балтабековна қатысты. Семинар барысында тренинг, шебер сыныбы, тәрбиелік іс -шаралар өткізілді. Ата -аналар өзара пікіралмасып, отбасы құндылықтары туралы өз пікірлерін ортаға салып, талқылады.