Текст
23.04.2026
2026 жылдың 23 сәуір күні мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларымен Атбасар ауданының Ішкі Істер бөлімінің патрульдік полициясының майоры А.Ж. Кубашевпен арнайы кездесу өтті.
Мақсаты: жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, заң алдындағы жауапкершілікті түсіндіру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және өз құқықтары мен міндеттерін білуге баулу, ерте жүктіліктің алдын алу, буллинг пен кибербуллингтің, зорлық-зомбылықтың, аутодеструктивті мінез құлықтың, нашақорлықтың алдын алу, оқушыларға құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылық, буллинг пен кибербуллингтің, есірткіге тәуелділік, лудомания мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.