Текст
27.04.2026
2026 жылдың 27 сәуір күні мектебімізде « 1-МАМЫР -БІРЛІК, ЫНТЫМАҚ, БЕЙБІТШІЛІК КҮНІ» тақырыбында «Адал азамат» бағдарламасы аясында 1-11 сыныптарында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:Оқушыларға Қазақстан халқының бірлігі мен татулығы туралы түсінік беру, ел ішіндегі түрлі ұлттардың достығын, мәдениеттерінің байлығын таныту, патриоттық сезімді ояту, достыққа, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Халықтар арасындағы достықты нығайту. Осы мақсатта оқушылардың достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру. Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.