Текст
30.04.2026
2026 жылдың 30 сәуір күні мектебімізде аудандық «Адал Ұрпақ» сайысы өтті.Мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу,патриоттық тәрбие қалыптастыру.
Сайысқа мектебіміздің «Жас Ұрпақ» тобының мүшелері: Арманбек Шашугуль, Шайкен Іңкәр, Қайыржан Ильнара қатысып, барлық кезеңдерден сүрінбей өтіп, жүлделі ІІІ -орынға ие болды. Арнайы 40000 теңге сертификатын жеңіп алды. Топтың жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі К.Н.Кашкимбаев арнайы грамотамен марапатталды.