Текст
01.05.2026
2026 жылдың 1 Мамыр- Бірлік, Ынтымақ, Бейбітшілік күні мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары қала алаңындағы мерекелік іс -шараға белсенді қатысты. Мақсаты: ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.
Мектеп оқушылары жиналған қала тұрғындарының назарына қазақ халқының ұлттық « Қара Жорға» биін паш етті.