06.05.2026
2026 жылдың 6 мамыр күні «Отан қорғаушылар» күні мен «9 мамыр Жеңістің 81жылдығына» орай қаламыздың орталық алаңында «Ән мен сап» шеруі өтті. Мақсаты: Оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін нығайту, Еліне, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Бұл шеруге мектебіміздің 10 -11 сынып оқушыларынан құралған взвод қатысып, өз дайындықтарын көрсетті. Шеруге оқушыларды қатыстырған Алғашқы әскери технологиялық дайындық пәнінің мұғалімдері арнайы грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар аталмыш мерекеге қатысты мектебімізде дәстүрге сай мектепішілік «Ән мен сап» сайысы жылда өткізіледі. Барлық сыныптар арнайы бейнероликтер арқылы құттықтау жолдады, суреттер, қабырға газеті байқауы ұйымдастырылды. Мерекелік іс – шаралардың өтілу барысы мектеп инстаграмм парақшасында жарияланды.