Текст
15.05.2026
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай бүгін аудандық «Таза отбасы – Таза Қазақстан» атты квест өтті. Іс-шараның мақсаты – отбасы мүшелерін ұйымшылдыққа, тәртіпке және тазалыққа тәрбиелеу, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға баулу.
Іс-шара соңында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қатысушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты. Мерекелік шара көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, отбасы құндылықтарын насихаттауға өз үлесін қосты.