Текст
2019 жылдың 10 қазан күні мектебіміздің салтанат залында «Жемқорлыққа жол жоқ» атты іс –шара өтті. Бұл іс –шараның мақсаты: мемлекеттік мекемелерде жемқорлық фактілерінің алдын алу. Мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған іс –шарада арнайы екі топ өз проктілерін қорғап, жемқорлық туралы толық ақпараттармен бөлісе отыра, жемқорлыққа жол бермеуге шақырды. Тарих пәнінің мұғалімі Жақсыбаев Нұрлан Қошқарбайұлы арнайы дайындаған бейнеролик көрсетіп, соның төңірегінде қатысушылармен сұқбат жүргізді.Оқушылар өз пікірлерімен бөлісіп, патриоттық сезімдерін білдірді. Іс –шара соңында қатысушылар естелік суретке түсті.