"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі"  КММ
КГУ “Общеобразовательная школа №7 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жас маман" апталығы

14.04.2023

Жас ұстаздар арасындағы  «Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман»

 атты  апталықтың  қорытынды есебі

03.04.-07.04.2023ж


   Жастар- елдің ертеңі, қуатты күш. Жастардың  елімізді өркениетті елдер қатарына қосатын аса үлкен  үлесі бар екендігін айтып жатудың өзі артық болар. Қоғамдағы жас  ұрпақтың  бәсекеге қабілеттілік сапасының күннен-күнге өсіп, ауыл шаруашылығы, ғылым мен техника, білім беру және денсаулық салаларында заман талабына сай қызмет етуі қуанарлық жайт. Жастардың осындай игі істері жайлы қуанышты хабарды Атбасар  ауданы, Атбасар қаласындағы  №7 жалпы орта білім беретін  мектептен  таратқалы отырмыз.

Жыл сайын мектебімізде  «Жас мамандар» апталығын өткізу дәстүрге айналған. Биыл да бұл дәстүр жалғасын тапты. Алайда, «Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман» аясында ұйымдастырылған үстіміздегі жылдың апталығы  ерекше сән-салтанатпен  өткізілді.

Апталықтың мақсаты: Жас маманның сабақ беру әдіс-тәсілін байқау, әдістемелік көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасу.

Апталық мынадай жоспарда құрылған:

                                                                                               

«Жас ұстаздар апталығы»бойынша 2023 ж 03.04.-07.04. күндері                          аралығында  өтілетін апталық жоспары

р/с

Сабақтың тақырыбы

Сыныбы

Уақыты

Жауапты мұғалімдері

 

1

Апталықтың  ашылу салтанаты

Акт залы

03.04.23

10.00

Касенова А.Д.

Сапаргалиева А.К.

Сыздыкова Ж.А.

Егинбаева Ж.Г.

Ержан А.

Жунусова А.Ж.

2

«Жабайы аңдар» қоршаған орта ашық сабақ .

0«б»

сынып

04.04.23.

12:10

МАД кабинеті

Жунусова А.Ж.

 

«Дара және күрделі етістік» қазақ тілі ашық сабақ

 2 «ә» сынып

 04.04.23.

3 сабақ

№ 202каб

   Ержан А.

 

3

«Келер шақ»  қазақ тілі ашық сабақ

 4 «a»

сынып

05.04.23.

2 сабақ

№ 202каб

Сапаргалиева А.К.

4

«Дұрыс тамақтанудың негіздері» көркем еңбек  ашық сабақ

5 «а» сынып

05.04.23.

4 сабақ

№ 202каб

Сыздыкова Ж.А.

 

5

«Анасын сағынған бала» қазақ әдебиет ашық сабақ

5 «а» сынып

06.04.23.

3 сабақ

№ 202каб

Касенова А.Д.

6

«Ғарыштаң адам не іздейді?» әдебиеттік оқу  ашық сабақ

4 «ә» сынып

06.04.23.

1 сабақ

№ 202каб

Егинбаева Ж.Г.

 

7

Дебат «Оқыту жетістік көзі». Онкүндіктің жабылу  салтанаты

Акт залы

07.04.23.

 

Жаксыбаев Н.К.

Жас ұстаздар

                   

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жас ұстаздар апталығы»бойынша 2023 ж 03.04.-07.04.күндері                         аралығында  өтілетін апталық жоспары - тыс іс шараның  тақырыптары

                                                                 

р/с

Тыс іс шараның  тақырыбы

Сыныбы

Уақыты

Жауапты мұғалімдері

 

1

«Жарқын болашақ» интеллектуалдық сайыс

5 «а» сынып

04.04.23.

1 сабақ

Касенова А.Д.

Сыздыкова Ж.А.

2

АҚТның заманауи әдіс тәсілдерің тиімді пайдалануы

Мұғалімдермен шебер сыныбы

 

05.04.23

12.00

 Ержан А

Жунусова А.Ж.

3

«Жүзден жүйрік»интеллектуалды ойын

Мұғалімдермен  ойын

 

06.04.23.

12.00

Сапаргалиева А.К.

Егинбаева Ж.Г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұстаздық жолын жаңа бастаған жас мамандардың педагогикалық шеберліктерін шыңдау, заман талабына сай жаңашыл ұстаздың бет-бейнесін қалыптастыру мақсатында жоспарланған апталықтың   бағдарламасы да өзгеше сарында жасалды. Білім ошағындағы 1 жылдан 5 жылға дейін қызмет атқарып жүрген ұстаздар қауымы  бұл іс-шараның «Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман» аясында өткізілетініне қызу қолдау көрсетіп, жақсы бастамаға белсене қатысты. 2 топқа бөлініп апталықтың көрігін қыздырған 6 жас мамандардың  тәлімгер мен  6 жас маман алдағы жоспарланған шараларды қызықты да тартымды өткізуге дайындыққа кірісіп те кетті.

     Бір апта ішінде жас ұстаздар мен олардың тәлімгерлері  қаншама іс-шараларға қатысып, әртүрлі сайыстарда бақ сынасты. Апталықтың 1-күні «Жас маманнан бас маманға...» тақырыбында жастар арасындағы игі істерді таныстыру мазмұнында апталықтың ашылу салтанатын жасалды. Мектеп фойесіне қойылған жастар өмірінен бейнефильм  көрсетілді  мен безендіру

 ерекше талғаммен безендірілді. Жас ұстаздардың онкүндігінің ашылу салтанатты залында сәуірдің 03 жұлдызында сағат  10:00 де жоспар бойынша өткізілді.Онкүндіктің  ашылуы 2 бөлімнен құрылған.

Апталықтың келесі 2,3,4-күндері ашық сабақтар мен тәрбиелік іс-шаралар мектеп ұжымының назарына ұсынылды. 2023 жылы сәуірдің  4-ші жұлдызында 0 "Б"  сыныбында Жунусова  Алтыншаш Жанажоловна  ашық сабақ  өткізді. Ашық сабақ "Жабайы аңдар"  тақырыбында болды. Сабақта көптеген белсенді әдіс-тәсілдер қолданылды. Атап айтсақ, "Серпілген сауал"әдісі," "Кубизм"  ойыны,  "мен кіммің"," жұпты тап" әдістері. Сабақта аудиожазбалар тиімді қолданылып отырды. Сабаққа байланысты бейнеролик көрсетіліп, сергіту жаттығулар көп жасалды. Балалар өте белсенді қатысып , сабақтың сонында тәтті сыйлықпен марапатталды.

Ұсыныстар:Мұғалім оқушының өз ойын айтуына мүмкіндік беруі ұсыныс ретінде айтылды,тақтамен жұмыс пен дәптермен  жұмысты ретке келтіру туралы айтылды.

2023 жылы сәуірдің  4-ші жұлдызында "Жас маман" апталығында  2"Ә"  сынып мұғалімі Айгерім Ержанқызы ашық сабақ  өткізді.  Ашық сабақ "Дара және күрделі етістіктер "  тақырыбында болды.Сабақта көптеген белсенді әдіс-тәсілдер қолданылды: "Барабан"," "спираль" , "Сөз жұмбақ" әдістері. Сабақта аудиожазбалар тиімді қолданылып отырды. Сабаққа байланысты бейнеролик көрсетіліп, көп сергіту жаттығулар  жасалды. Балалар  белсене қатысып , сұрақтарға  жауап берді.

Ұсыныстар: Мұғалім оқушының өз ойын айтуына мүмкіндік беруі ұсыныс ретінде айтылды сергіту сәті кеш өткізілді, мұғалім сабақ жоспарына сай кейбір ойындарды өткізуге үлгермеді,мұғалім үй тапсырмасына көп уақыт бөлді.Уақытты дұрыс пайдалану керек деген ұсыныс айтылды.

 

2023 жылы сәуірдің  4-ші жұлдызында «Жас маман» онкүндігінің аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Касенова А.Д  және еңбек пәні мұғалімі Сыздыкова Ж.А 5 «а», «б» сыныптары арасында «Жарқын болашақ» атты интеллектуалдық  ойынын өткізді.

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін, ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Өз ана тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеуге шақыру. Оқушыларды адамгершілікке, ана тілін сүюге, білімдерін көрсете білуге тәрбиелеу.

 

Сайыс 4 кезеңнен тұрды:

1«Мықты болсаң, тауып көр»

2 «Ойлы болсаң, озып көр»,

3.«Зерек болсаң, шешіп көр»

4.«Жүйрік болсаң , шауып көр».

Сайысқа «Білімділер» және «Оқымыстылар» атты екі топ қатысты. Оларға мақал-мәтелдердің жалғасын табу, тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу, тыйым сөздер мен салт-дәстүрлер жайлы  айту және т.б тапсырмалар берілді. Білім алушылар сайысқа белсенді қатысып, білімдерін өте жақсы деңгейде көрсете  білді. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша «Білімділер» тобы 1 орын, «Оқымыстылар» тобы 2 орынды иеленді.Сайыс соңында қатысушылар  дипломдармен марапатталды.

2023 жылы сәуірдің  5-ші жұлдызында "Жас маман" онкүндік аясында сәуірдің 5-ші жұлдызында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Сыздыкова Ж.А  5 "а" сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы " Дұрыс тамақтану негіздері" болды. Сабақ ұйымдамстыру сәтінен басталды.  Балалар 3 топқа бөлінді. Әр топ өздеріне бөлінген тапсырма бойынша жедел, ұтымды, тиянақты жауабымен ұстаз арасындағы жақын байланыс көрінді .Сабақта әдіс тәсілдер " Молекула" " Класстер" қолданылды. Сабаққа байланысты бейнеролик көрсетіліп, сергіту жаттығулар жасалды. Оқушылар өте белсенді қатысты, және берілген тапсырмаларды орындады.

Ұсыныстар: Мұғалімнің оқушыларға тақырыпқа сай  дұрыс тапсырмаларды беруін  көп мән беру керектігі, уақытты үнемді пайдалану ұсыныс ретінде айтылды.

 2023 жылы сәуірдің  5-ші жұлдызында "Жас ұстаздар " апталығың аясында Сапаргалиева Асем Қайратовна 4 «а» сыныбында  қазақ тілі пәнінен ашық сабақ берді. Ашық сабақ "Келер шақ" тақырыбында болды. Сабақта заманауи  әдіс - тәсілдер қолданылды. Олар: "Wordwall", "Барабан"әдісі, "Ширату"әдісі, "А,В,С" әдісі, "Қабырға "әдісі, "Google drive" әдістерін қолданды.Сабақта "Нейрон" әдісі арқылы сергіту сәтін өткізді.Оқушылар  сабақ барысында өте белсене қатысты. Жаңа технологияны жақсы меңгерген жас ұстаз оқушылармен толық қарым- қатынаста болып, берген тапсырмаларына талап қоя білді.Сабақ ойын түрінде өткізілген соң,оқушылар белсенділік таныта білді. Сайыс барысында сынып ішіндегі оқушылар бойында көшбасшылық қасиетін дамыта білді. Мұғалім оқушыларын әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,өзіне баурап алды

Ұсыныстар:Мұғалімнің дауыс интонациясына көп мән беру керектігі, уақытты үнемді пайдалану ұсыныс ретінде айтылды.

2023 жылдың , 5 cәуір күні , "Жас ұстаз" апталығының аясында "АҚТ - ның заманауи әдіс тәсілдерің тиімді пайдалануы" атты шебер сынып сабақтан тыс,  іс - шара мұғалімдер арасында көрсетілді. Шебер сыныпты Айгерім Ержанқызы. Жунусова Алтыншаш Жанажоловна. өткізді. Шебер сыныптың басты мақсаты: АҚТ ның қазіргі сұранысқа ие заманауйы әдіс тәсілдердін  қандай платформаларда жасап тиімді пайдалнау,  өз білімін басқа мұстаздарға үйретіп бөлісу . Шебер сынып өткізі барысында : Online Puzzle       https://online-puzzle.ru/own_puzzle                                                                                   

  Wordwall        https://wordwall.net/ru/myactivities                                                                                                        ME QR            https://me-qr.com/ru/                                                                                                                   Меморис        https://mmrs.me/?ysclid=lg2xvuka3y32734218                                                                                      Padlrt               https://padlet.com/kulenovazhanar/padlet-n7sv600xf1x3q30n                                                                                                                                                                                                                 Joyteka          https://joyteka.com/100235512                                                                                                                                                               Google Drive   осы  сайттарда қалай тіркеліп және де әдіс - тәсілдерді жасап пайдалану туралы ақпараттар айтылды.  Шебер сынып өте қызықты өтті ұстаздарға әсіресе  "Joyteka"  платформасында жасалған квест тапсырмасы өте қатты ұнады.

2023 жылдың 6 сәуір күні "Жас ұстаздар" апталығының аясында "Ғарыштан адам не іздейді?" атты аудандық ашық сабақ  өтті.

Сабақтың мақсаты: 4.2.1.2 Шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу.

4.2.9.1 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау, себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету.

Бұл сабақты мектебіміздің жас ұстазы және бастауыш сыныбының мұғалімі Егинбаева Жансая Галымжановна өткізді.

Оқушылар қойылған мақсатқа жете білді. Сабақ барысында, білім алушылар, ғарышқа саяхатқа шығып, ғаламшарлықтың тапсырмаларын  жоғары деңгейде орындап, марапаттарға ие болды.

Сабақ барысында: "Стикер"  арқылы бағалау, "Бинго", "Ребус", "Сөзжұмбақ", "Постер" әдістері арқылы тапсырмалар орындалды, "Банкомат" әдісі арқылы кері байланыс алынды. Сабақ өте қызықты және қызықтарға толы болды. Заманауи әдістер арқылы ұйымдастырылған сабақ оқушыға қызықты болды, әрі әрбір оқушы ізденіспен жұмыс жасай білді.Сыныптағы барлық оқушы сабаққа қамтылды. Мұғалім сұрақты қоя да білді,ұтымды жауап ала да білді.Мұғалім жан-жақты дайындалған. Жаңа технологияны сабақта тиімді пайдалана білді. Сабақ соңында кері байланыс жүргізіп,оқушы-мұғалім арасында ынтымақтастықты ұйымдастыра білді.Сабақ өте тартымды өтті.

Ұсыныстар: сабақ керемет өтті,сабақтың барлық кезендері тиімді құрылған,жоспар бойынша барлығы өткізілген ,оқушылар белсене қатысып,барлық тапсырмаларды орындап ,сабақтың сонында мадақтамен марапатталған,уақыт тиімді пайдаланған. Сабақ оқушылардың көңілінен шықты  және жоғары дәрежеде өтті деп бағаланды.

2023 жылдың 6 сәуір күні  «Жас маман » онкүндігі аясында мектебіміздің жас ұстазы, Қасенова Айгерім Думановна, 5 «а» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Анасын сағынған бала»  тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты:Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен  іс-әрекеті арқылы образын ашу. Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкердің  атынан хат жазу.

Сабақ барысында білім алушылар  әр түрлі қызықты  жаттығуларды орындау арқылы кейіпкерлердің портретін аша білді. Мұғалімнің қолданған әдіс тәсілдері: «Flippity», «Жылдам сұрақтар», «Балмұздақ» әдісі, «Венн диаграммасы», «Кім? Не?Қандай?», «Мұғалімге жеделхат». Мұғалім сабақта АКТны ұтымды пайдалана білді. Қызықты бірнеше әдістерді қолдану арқылы оқушыны сабаққа тарту,қалайда оқушыны білдірту талабы ұстаздың басты мақсаты.  Заманауи әдістер арқылы ұйымдастырылған сабақ оқушыға қызықты болды, әрі әрбір оқушы ізденіспен жұмыс жасай білді.Сыныптағы барлық оқушы сабаққа қамтылды. Мұғалім сұрақты қоя да білді,ұтымды жауап ала да білді.Мұғалім жан-жақты дайындалған. Жаңа технологияны сабақта тиімді пайдалана білді. Сабақ соңында кері байланыс жүргізіп,оқушы-мұғалім арасында ынтымақтастықты ұйымдастыра білді.Сабақ өте тартымды өтті.

Ұсыныстар: сабақ керемет өтті,сабақтың барлық кезендері тиімді құрылған,жоспар бойынша барлығы өткізілген ,оқушылар белсене қатысып,барлық тапсырмаларды орындап ,сабақтың сонында мадақтамен марапатталған,уақыт тиімді пайдаланған.Сабақ оқушылардың көңілінен шықты  және жоғары дәрежеде өтті деп бағаланды.

2023 жылы сәуірдің  7-ші жұлдызында "Жас маман"апталығы аясында жас мамандар мен олардың тәлімгерлердің арасында Жаксыбаев Н.Қ.-тарих пәнінің мұғалімі -   дебат сайысың өткізді. Дебат сайысының тақырыбы: " Оқыту -жетістік көзі"  ,қарардың тақырыбы :  "Жаңартылған білім беру жүйесі  заман талабына сай"болды.Осы дебаттың барлық кезеңдерде тәлімгерлер мен жас ұстаздар арасында дәлділенген фактілер,аргументтер ,көп пікірталас айтылды да және тыңдалды.Сайыстың сонында әділ қазылар өз пікірің айтып,қорытыңды шығарды.Қорытыңды бойынша -1 орын "Жас маман" тобы,2 орын "Тәлімгер"тобы иеленді.

Просмотров: 1678


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст